WBA қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

WBA қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты
Бокс

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінде боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Отандық боксшылардың нәтижелері мынадай: Аса ауыр салмақта Иван Дычко 15-орында қалды.

Екінші орта санатта Бек Нұрмағанбет бір орынға кейін шегініп, оныншы орынға тұрақтады. 

Бірінші жартылай орта салмақта Жанқош Тұраров рейтингіде жетінші орынмен енді.

Естеріңізге сала кетейік, Тұраров желтоқсанда жапондық Акихиро Кондоны жеңіп, IBO және WBA Gold тұжырымдары бойынша әлем титулдарын біріктірген болатын.

Дәл осы салмақта 14-орында тұрған Батыр Жүкембаев 11-орынға көтерілді. Өткен айда Жүкембаев француз Мохамед Мимунды төреші шешімімен жеңіп, WBA Continental North Americas титулын қорғады.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді.

Қараша айында Сұлтан аргентиналық Серхио Мартин Созаны алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақтағы рейтингіде алтыншы орынды сақтап қалды.