Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

Бакудегі турнирде қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан жеңілді

24.03.2024, 19:36

Әлем чемпионатының жүлдегері Серік Теміржанов та үмітті ақтамады

Бакудегі турнирде қазақ боксшысы өзбек қарсыласынан жеңілді
Қазақстан бокс федерациясы

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Ұлы Жібек жол» турнирін Қазақстанның үш боксшысы ерте аяқтады. Тек 48 келідегі Теміртас Жүсіпов қана бірінші айналымда жеңіске жетті.

51 келіде өнер көрсеткен Дамир Әбдіқадыр Иран боксшысы Мэхди Хорошахи Парвизиден жеңіліп қалса, әлемнің күміс жүлдегері Серік Теміржанов (63,5 кг) әзірбайжандық боксшы Руслан Рустамовқа есе жіберді. Сондай-ақ, 75 келіде өнер көрсеткен Тимур Нұрсейітов өзбекстандық Әлішер Аюбовтан айласын асыра алмады.

Бүгінгі жарыс күні Сағындық Тоғамбай (92 кг) әзірбайжандық Фуад Джафаровпен кездессе, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Ресейден келген Рамазан Карнукаевпен өзара мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам