Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Қанат Ислам Түркияға барып кәсіпқой бокс кешін өткізбекші

22.04.2024, 13:06

Оның Алматыда өткізген бокс турнирінің соңы даумен аяқталған еді

Қанат Ислам Түркияға барып кәсіпқой бокс кешін өткізбекші
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, бүгінде промоутерлікпен айналысатын Қанат Ислам Стамбұлда бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан сауда және мәдениет орталығында өткен кездесуде спортшының өзі айтқан.

Еске салайық, биыл наурыз айында Қанат Ислам Алматыда кәсіпқой бокс кешін өткізген болатын. Оған Қазақстаннан және алыс-жақын шет елдерден ондаған боксшы қатысты. Алайда, журналист Серік Ноян жазғандай, Қанат Ислам қазақ боксшыларының гонорарын төлемей қойған. Бұл даудың соңы немен аяқталғаны сол күйі айтылмады.

Ал, Стамбұлдағы турнирге де әлемнің бірнеше елінен кәсіпқой боксшылар шақырылады және бірнеше тұжырымның белбеулері сарапқа салынады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам