ХОК боксты Олимпиада-2028 бағдарламасына қосуды ұсынды

17.03.2025, 18:31

Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді

ХОК боксты Олимпиада-2028 бағдарламасына қосуды ұсынды
ХОК

Халықаралық олимпиада комитетінің атқарушы комитеті боксты 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді.

«ХОК сессиясында ұсыныс жасалады, ол қолдау табады деген сенімдемін. World Boxing мойындаған ұлттық федерациялардың барлық боксшысы Олимпиада-2028-ге қатыса алады», – деді Томас Бах.

2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) олимпиадалық қозғалыстан шығарылған соң, Париждегі олимпиадада бокс турнирін ұйымдастырумен ХОК-тің арнайы бөлімшесі айналысты.   

2024 жылғы ақпанда ХОК IBA құрамынан шыққан ұлттық федерациялардың бастамасымен құрылған World Boxing ұйымын уақытша мойындады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды1
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам