Назым Қызайбай әлем чемпионатынан кейін соққысын тексерді

19.03.2025, 11:17

Боксшы қыз жанкүйерлерін таңқалдырды

Назым Қызайбай әлем чемпионатынан кейін соққысын тексерді
әлеуметтік желі

Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңқалдырды. Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген.

«722 келі. Бұл жаңа рекорд», - деді Назым Қызайбай.

Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Ол шешуші сынды Ресей боксшысын айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды9
Ұнамайды0
Күлкілі1
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам