Өзбекстан қазағы Әлем кубогінде жартылай финалға шықты

02.04.2025, 09:34

Өзбекстан ерлер құрамасының бірде-бір боксшысы жеңілген жоқ

Өзбекстан қазағы Әлем кубогінде жартылай финалға шықты
скрин Instagram

Бокстан Бразилияда өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогінде өзбекстандық этникалық қазақ Мадияр Данияров алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Ол Фос-ду-Игуасу шаршы алаңында 60 келіде жұдырықтасып жатыр. Данияров ширек финалда италиялық Микеле Бальдассиді 4:1 есебімен жеңді. Сөйтіп жартылай финалға жолдама алды. Яғни, Мадиярдың қоржынында кемі қола жүлде бар. 

Айта кетейік, бұл жарысқа Қазақстанның атынан 8 боксшы аттанған. Олардың екеуі жеңіліп қалды. Алдымен 60 келідегі Талғат Сырымбетов бразилиялық Луис Оливейраға жол берсе, 50 кг салмақтағы Нұрзат Оңғаров өзбек боксшысы Асилбек Жалиловқа есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам