Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

Зайнутдиновтің керемет соққысы түрік жанкүйерлерін тәнті етті (ВИДЕО)

31.10.2023, 10:10

«Бешикташ» жеңіске жеткенімен, қазақстандық жартылай қорғаушы гол соға алмады

Зайнутдиновтің керемет соққысы түрік жанкүйерлерін тәнті етті (ВИДЕО)
скрин Twitter

Түркия суперлигасының кезекті туры өтіп, «Бешикташ» өз алаңында «Газиантепті» қабылдады. Құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын стамбұлдық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдегі позициясын нығайта түсті.

Бахтиер аталған матчта гол соға алмаса да керемет соққысымен көзге түсті. Ойынның 17-минутында ол әуелеп келген допты қарсылас қақпасына қайшылап тепкен. Соққыны ақпашы қайтара алды. Осынау сәттің видеосы түрік жанкүйерлері мен спорт мамандары әлуметтік желіде таратып, кеңінен талқылады.

Қазір «Бешикташ» 16 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам