Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Жаңаөзенге ұзақ үзілістен кейін футбол келді

12.04.2024, 09:32

Ақтаулық клуб үйдегі ойындарды Жаңаөзен қаласында өткізеді

Жаңаөзенге ұзақ үзілістен кейін футбол келді
ozen.kz

Футболдан Бірінші лигада өнер көрсететін «Каспий» командасы өз алаңындағы алғашқы ойынын Жаңаөзенде өткізеді. «Әмин Тұяқов» атындағы стадионға қонаққа «Алтай» клубы келеді.

Айта кетейік, «Каспий» басшылығы бұған дейін хабарлағандай, ақтаулық клуб үйдегі ойындардың бәрін Жаңаөзен қаласында өткізеді. Бұл туралы клубтың Instagram-парақшасында жазылған.

Бірінші лигадағы алғашқы ойынын «Каспий» сырт алаңда «Арыс» командасына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша бір ойынмен үш ұпай жинаған ақтаулық команда турнир кестесінің төртінші сатысында келеді.

Ал, «Алтайға» қарсы матч 12 сәуірде 14:00-де өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам