Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

Магомед Адиев болашағына қатысты пікір білдірді

29.04.2024, 13:25

Маман бүгін Астанада баспасөз мәслихатын өткізді

Магомед Адиев болашағына қатысты пікір білдірді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында өзінің болашағына қатысты мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта ресейлік маман ұлттық құрама мен Грозныйдың «Ахмат» клубындағы жұмысын қатар алып жүр. 

Адиевтің командамен келісімшарты 2023/24 маусым соңына дейін жасалған.

«Құрамадағы біздің штабтың жұмысы тоқтамайды. Кейбір ойындарға қатыса алмайтынымыз анық, бірақ бізде барлық тур туралы ақпарат бар. Көптеген бапкермен байланыстамыз, одан қалды, құрамалар департаменті қосымша мәлімет беріп отырады. Қазір 25 мамырға дейін клубтағы жұмыстарды аяқтау керек. Аяқтаған бойда Қазақстанға оралып, құрамамен тыңғылықты дайындыққа кірісеміз, - деді ол.

Бұған дейін «Ахмат» клубының басшылығы Адиевтің екі жұмысты қатар алып жүруі туралы федерациямен келісуге ниеті барын жеткізген. Магомед Мұсаұлы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, 1 маусымнан бастап толыққанды құрама жұмысына кірісетінін айтты.

«ҚФФ мен клуб басшылары өзара келісті. Форс-мажор болады деп ойлаған жоқпын. Бапкер ретінде бұл маған пайдалы. Бұған дейін ұлттық құрама ойындары арасында көп уақыт өтіп кетсе, өзімді ыңғайсыз сезінетінмін, кеңестік тым көп еді. Бапта жүру үшін кестенің тығыз болғаны жақсы. Қазір болып жатқан жұмыстың бәрі бапкер үшін қалыпты жағдай. Келесі қадамға келсек, президентпен келісіміміз бар. 1 маусымнан бастап құрамаға сапына оралып, жолдастық кездесулер өткіземіз. Келісімшартым 1 желтоқсанға дейін жарамды, құрамамен, федерациямен байланыстыратын дүние көп. Болашаққа қатысты кейбір мәселелерді жеке әңгімелесу кезінде шешеміз деп ойлаймын», - деді Адиев. 

Айта кетейік, Адиев «Ахматқа» Ресей премьер-лигасында 10-орынға көтерілуге көмектесті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам