Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

Мадридтік «Реал» уақытынан бұрын Испания чемпионы болды

05.05.2024, 01:30

Ла Лиганың аяқталуына әлі төрт тур бар

Мадридтік «Реал» уақытынан бұрын Испания чемпионы болды
Getty Images

Футболдан Испания чемпионатының 34 туры аясында «Жирона» мен «Барселона» кездесіп, алаң иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті. Каталондық клубтың жеңілісі мадридтік «Реалды» уақытынан бұрын чемпиондыққа алып келді. Корольдік клуб бүгін өз алаңында «Кадисті» жеңген болатын.

«Реалдың» екінші орында келе жатқан «Жиронадан» 13 ұпайы артық. Чемпионат соңына дейін тағы төрт тур барын ескерсек, «Жирона» қандай жағдайда да «Реалды» қуып жете алмайды.

Соңғы рет мадридтік клуб Ла Лиганы 2021/2022 жылғы маусымда жеңіп алған болатын. Биыл олар 34 ойында 87 ұпай жинады. Ал, «Барселона» бүгінгі жеңілістен кейін үшінші сатыға төмендеп отыр. Хави шәкірттерінде 73 ұпай бар. Екінші орынға көтерілген «Жиронада» бір ұпай артық. Алда төрт тур барын ескерсек, қос команда арасында жарыстың күміс жүлдесі үшін талас қыза түседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам