Эрлинг Холанд маусым соңы «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

18.03.2025, 09:11

Оған қазірдің өзінде мадридтік «Реал» қызығушылық танытып отыр

Эрлинг Холанд маусым соңы «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін
Getty Images

«Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд жазда клуб сапынан кетуі мүмкін деп жазады El Nacional.

Белгілі болғандай, Холанд келесі маусымда Чемпиондар лигасынсыз қалуға дайын емес. Егер клуб АПЛ-де сәтсіз ойынын жалғастырып, құрлықтың басты жарысынан тыс қалса, онда жазда норвегиялық шабуылшы басқа клуб іздеуге мәжбүр болады.

Холанд «Манчестер Ситиден» кетсе, оны мадридтік «Реал» өз қатарына қосып алуы әбден ықтимал. Корольдік клуб норвегиялық шабуылшыға бұған дейін де қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, «ПСЖ» да оған сұраған ақшасын тауып беруі мүмкін. Дегенмен, Холандтың өзі Франция чемпионатына ауысуға аса құлықты емес.

Эрлинг Холандтың «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2034 жылдың маусым айына дейін жасалған.

Айта кетейік, «Мансити» қазір Англия Премьер-лигасында бесінші келеді. Гвардиола шәкірттері 29 ойыннан кейін небәрі 48 ұпай жинаған. Холанд болса 38 матчқа қатысып, 29 гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды1
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам