Абдукодир Хусанов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)

19.03.2025, 00:16

Өзбектер тойға Эрлинг Холанд пен Кевин Де Брюйне келеді деп үміттеніп отыр

Абдукодир Хусанов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (ВИДЕО)
Getty Images

«Манчестер Сити» клубының өзбекстандық қорғаушысы Абдукодир Хусанов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап, «иә» деген жауап алды.

Әзірге бойжеткеннің жеке басына қатысты мәлімет жоқ. Есесіне футболшының үйлену тойы өтетін уақыт белгілі. Өзбек қорғаушысы АПЛ-дың осы маусымы аяқталғаннан кейін шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр. 

Алдын ала болжам бойынша, той 27 мамырда өтеді. Бұл кезең Англия  Премьер-лигасының биылғы маусымы аяқталатын, тиісінше «Ситидің» демалысқа шығатын уақытымен сәйкес келеді. 

Әзірге Хусановтың өзі де, оның ресми өкілдері де той туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ. Ал өзбекстандық БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер Хусановтың қуанышын бөлісуге «Сити» сапынан кімдер келетінін болжап жатыр. Тіпті «қалалықтардың» бас бапкері Хосеп Гвардиола, Эрлинг Холанд, Кевин Де Брюйне немесе Джек Грилиш секілді жұлдызды ойыншылар келеді деп үміттенуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды4
Ұнамайды0
Күлкілі3
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам