Өзбекстан футболшылары сенсация жасай алмады

26.03.2025, 00:35

Енді Кападзе шәкірттері алда болатын екі матчтың бірінде жеңіске жетуі керек

Өзбекстан футболшылары сенсация жасай алмады
Өзбекстан футбол қауымдастығы

Футболдан Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде сенсация жасай алмады. Сырт алаңда Иранмен ойнаған өзбек құрамасы жеңіске жеткен жағдайда ӘЧ-на мерзімінен бұрын жолдама алатын еді. Алайда, Тимур Кападзе шәкірттері матч аяқталуға 7 минут қалғанда қолда тұрған жеңістен айрылып қалды.

Азия құрлығы бойынша іріктеу турнирінің 8-турында Иран Тегеранда Өзбекстан құрамасын қабылдады. Парсылар турнир кестесінің бірінші сатысында тұрса, өзбек ағайындар екінші келеді. Ал, осы кездесудің қай жеңгені Әлем чемпионатына берілетін екі жолдаманың біріне автоматты түрде ие болатын.

Бұрын-соңды Әлем чемпионатына қатысып көрмеген Өзбекстан құрамасы үшін бұл аса маңызды матч еді. Сондықтан болар, ойын бастала салысымен Кападзе шәкірттері шабуылға лап қойды. 16-минутта Хожимат Эркинов есеп ашып, өзбек жанкүйерлерінің мерейін үстем еткен. Алайда, екінші таймның басында Мехди Тареми есепті теңестіріп кетті (52-минут). Бірақ, араға небәрі бір минут салып Өзбекстан шабуылшысы Аббосбек Файзуллаев өз командасын тағы алға шығарған. Бұл есеп 83-минутқа дейін сақталды. Ал, матч аяқталуға жеті минут қалғанда Мехди Тареми тағы көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті 2:2-ге жеткізді. Өзбекстан футболшыларының үшінші голды соғуға шамасы жетпеді.

Осылайша, 20 ұпай жинаған Иран құрамасы 2026 жылдың мундиаліне қатысуға мүмкіндік алып отыр. Ал, Өзбекстан болса екінші жолдаманы иелену үшін алда болатын екі матчтың бірінде жеңіске жетуі тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды19
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану1
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам