АҚШ пен Ресей хоккейшілері арасында матч өтуі мүмкін

18.03.2025, 23:12

Бұған дейін NHL басшылары ресейліктермен жуырда хоккей ойнамайтынын мәлімлеген болатын

АҚШ пен Ресей хоккейшілері арасында матч өтуі мүмкін
Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин өзара телефон арқылы сөйлесіп, екі ел хоккейшілері арасында матчтар өткізу туралы бастама көтерді. 

Атап айтқанда, Путин ҚХЛ мен NHL клубтарының ойындарын ұйымдастыруды ұсынған. Трамп бұл ұсынысты қолдады.

«Дональд Трамп Владимир Путиннің ресейлік ҚХЛ мен американдық NHL ойыншылары арасында хоккей матчтарын ұйымдастыру туралы ұсынысына қолдау көрсетті», – делінген Кремльдің сайтында.

Естеріңізде болса, 2024 жылдың желтоқсанында NHL комиссиясы төрағасының орынбасары Билл Дэйли Солтүстік Америка лигасы мен ҚХЛ клубтары арасындағы матчтар жуық арада өтпейтінін мәлімдеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды2
Ұнамайды1
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам