Демеу Жадыраев қалай жаттығып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)

15.03.2025, 00:57

Ол әзірге физикалық дайындығын пысықтап жатыр

Демеу Жадыраев қалай жаттығып жүргенін көрсетті (ВИДЕО)
olympic.kz

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жаттығу залына оралды. Балуан әлеуметтік желідегі ресми парақшасында зілтемір көтеріп жатқан сәтінен бейнежазба жариялаған. 

Онда Жадыраевтың жүз келіден астам зілтемірді жұлқа көтеру әдісімен жаттығып жатқанын байқауға болады. Қасындағы инструктордың «тағы да қос» деген пәрмені анық естіледі. 

Демеу Жадыраев бұған дейін алдағы мансабы туралы пікір білдірген еді.

«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім. Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын. Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», - деген болатын балуан.

Айта кететін жайт, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында 77 келіде белдесіп, 4 белдесу өткізді. Отандасымыз алғашқы белдесуде Колумбия балуанын ұтса, ширек финалда Токио Олимпиасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтың осал тұсын тапты. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Әзірбайжан балуаны Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, ол финалда Жапония спортшысымен күресіп, 5:2 ұпайымен есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам