
Бұл – оның Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Анталья қаласында (Түркия) өтіп жатқан әлем кубогінде тұтқалы ат снаряд жаттығуында топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Бұл – Нариманның Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысы екенін айта кету керек.
Сондай-ақ, дәл осы дистанцияда тағы бір отандасымыз – Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал үздік үштікті Иордания елінің өкілі Ахмад Әбу әл-Сауд түйіндеді.
Айта кетейік, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында тұтқалы ат снаряд жатығуында күміс медаль еншілеп, елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлаған.