Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды

25.03.2025, 23:35

Есесіне, Өзбекстан балуандары үш алтын медаль жеңіп алды

Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды
olympic.kz

Иорданияда бүгін күрес түрлерінен басталған Азия чемпионатында қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов күміс жүлдегер атанды. 

Грек-рим күресінен аса ауыр салмақта белдескен отандасымыз Әлімхан Сыздықов Аммандағы құрлық біріншілігінің финалында парсы балуанынан айласын асыра алмады. Ол шешуші белдесуде Фардин Шабан Хедайатиден 0:7 есебін жеңілді.

Қазақстандық балуан өткен жылы Париж Олимпиадасына қатысқан болатын. Сондай-ақ, 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болса, 2022 жылы Ұлан-Батырда құрлық чемпионы атанды. Ал 2023 жылы Астанада өткен біріншілікте қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кететін жайт, бүгін Әлімхан Сыздықовтан бөлек, тағы 4 балуан қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Олардың арасында Ербол Қамалиев (55 кг) пен Сұлтан Әсетұлы (63 кг) жүлдесіз қалса, 77 келіде Ибрагим Магомадов пен 87 келіде Шәміл Ожаев қола жүлдегер атанды.

Иорданиядағы Азия чемпионатына 30 наурызға дейін жалғасады.  Аталған сынға еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер ұлттық командасы толық құрамда қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды1
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам