
Отандасымыз 20 жастағы мексикалық теннисшіден жеңілді
Қазақстанның бірінші және әлемнің 8-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өткен WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне жете алмады.
Қазақстандық теннисші қызу тартысқа толы матчта әлемнің 40-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Эшлин Крюгерден жеңіліп қалды — 4:6, 6:2, 4:6.
Бір сағат 52 минутқа созылған ойын барысында Рыбакина 5 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін өз пайдасына шешті. Ал Крюгер 4 эйс және 3 брейк-пойнттың екеуін іске асырып, нәтижелі ойын көрсетті.
Бұған дейін Елена Рыбакина екі жыл қатарынан Майами турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Бірақ биыл ол бұл жетістігін қайталай алмады, соның салдарынан рейтингте берілетін ұпайларынан айырылды.
Сонымен қатар, ол сәуір айында Германияның Штутгарт қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатыспайтынын ескерсек, әлемдік үздік ондықтан сырғып кету қаупі бар.