Қазақстан әйелдер құрамасы өкілдерінің Стамбұлда (Түркия) өтіп жатқан 2022 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерінің кестесі белгілі болды.
Қазақстан рингке бірінші болып Валентина Хальзова шығады: ол 9 мамырда өнер көрсетеді және өзінің алғашқы жекпе-жегінде Лорна Кус Симби Кениямен кездеседі. Қазақстандық спортшылардың алғашқы жекпе-жектерінің кестесі мынадай:
9 мамыр
Кешкі сессия
70 кг. Валентина Хальзова — Лорна Кус Симби (Кения)
10 мамыр
Кешкі сессия
48 кг. Алуа Балқыбекова – Приянка Диллон (Канада)
11 мамыр
Күндізгі сессия
52 кг. Жайна Шекербекова - Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико)
57 кг. Карина Ибрагимова - Клаудия Нечита (Румыния) / Сабина Суч (Венгрия)
63 кг. Аида Абикеева - Иман Хелиф (Алжир)
Кешкі сессия
75 кг. Надежда Рябец - Бушра Ишилдар (Түркия)
12 мамыр
Күндізгі сессия
50 кг. Назым Қызайбай - Ингрит Валенсия (Колумбия)
54 кг. Дина Жоламан - Мария Мадуэньо Конде (Испания)
60 кг. Римма Волосенко - Шона Уитуэлл (Англия)
Кешкі сессия
66 кг. Дариға Шәкімова - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
13 мамыр
Кешкі сессия
81 кг. Гүлсая Ержан — Олеся Рысюк (Украина)
+ 81 кг. Ләззат Күнгейбаева — Шеннур Демир (Түркия).