Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол СҮЛЕЙМЕНОВ: Мен Мағжанға сенемін
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол СҮЛЕЙМЕНОВ: Мен Мағжанға сенемін
©https://www.nur.kz/
738
оқылды
Төрткүл дүние көзін тіккен дзюдодан Grand Slam сериясындағы халықаралық турнир де аяқталды. Грузияның Тбилиси қаласынан басталып, Ұлан-Батыр (Моңғолия), Будапешт (Венгрия), Загреб (Хорватия) қалаларында жалауы желбіреген дүбірлі додада әр елдің ең мықты дзюдошылары бас қосты. Одан бөлек, күні кеше Швейцарияда дзюдодан Еуропа кубогы де өтті. Аталған жарыстарда қазақстандық дзюдошылар да бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Енді бірі сәттілік жетіспей жарыс жолынан шығып қалып жатты. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовпен сұхбатымыз да осы төңіректе өрбіді. – Грузияда басталып, кешегі Хор­ватиядағы Grand Slam-ге жалғасқан, оның ізін ала Швейцариядағы Еуропа кубогына жалғасқан белдесулер жайлы пікіріңізді білсек. Сіздің ойыңызша қазақ­стандық дзюдошылар аталған жарыстарда өзін қалай көрсетті? Жеке-жеке тоқталып өтсеңіз... – Бас бапкерлік қызметке кіріскеніме міне, екі жарым айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында біз бес ірі халық­аралық жарысқа қатыстық. Бірінші турнирді Грузияның Тбилиси қаласынан бастадық. Тбилиси татамиінде 12 дзюдошы бақ сынап, олардың арасында Айбек Серікбаев үздік нәтиже көрсетті. Моң­ғолияның Ұлан-Батыр қаласындағы турнирде Дидар Хамза мен Әділ Оразбаев қола жүлдеге ие болды. Венгрияның Будапештіндегі белдесулерге үшінші, төртінші нөмірлі дзюдошылар бардық. Ондағы мақсат спортшыларға үлкен сайыстардың аурасын сезіндіру болды. Рас, Будапештте жоғары нәтижеге қол жеткізе алмадық. Жігіттер көп қателік жіберді. Физикалық жағынан әлсіздік көрсетті. Есесіне Хорватияның Загребін­дегі Grand Slam сериясынан табысты оралдық. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Мағжан Шамшадин турнир жеңімпазы атанды. Тағы екі дзюдошы 7-орынға табан тіреді. Мұның өзі де жақсы жетістік. Еңбек­тенсек, кө­бірек күш жұм­сасақ, жеңіс тұғырынан көріну­ге мүмкіндік бар. – Загребте жа­сын­дай жар­қыраған дзюдо­шы Мағжан Шамшадиннің белдесу­лері туралы не айта аласыз? – Мағжан жеңісі шынында бәріміздің мерейімізді өсір­ді. 60 келіге дейінгі сал­мақта корея­лык Вон Джин Киммен күре­сіп, мық­ты екенін дә­лел­­деді. Олар тата­миде бір­азға дейін бір-бірін аңд­ысып жүрді. Бірақ Мағ­жанның ширақ қимыл­дап, белсен­ді күресті. Ал Ким үш ескерту алып, Мағжан автоматты түрде жеңіске жетті. Осылайша, ол 60 келі салмақ дә­ре­жесінде Загребтегі жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Мағжан Шамшадиннің күресіне жеке тоқ­талар болсақ, мен оны толықтай сауатты, салқынқанды, есеппен күресті деп айта аламын. Оның жетістігінің ар жағында үлкен еңбек жатыр. Жеке бапкері де, ұлттық құраманың бапкерлері де оны лайықты спортшы етіп баптауға бар күшін салуда. Федерация тарапынан да қолдау бар. Оқу-жаттығу жиындарынан да қалмай, іріктеулердің бәріне қатысып келеді. Өз басым Мағжанның келешекте Елдос Сметовтің орнын басатын дзюдошы боларына сенемін. – Сметов демекші, Елдосқа салмақ ауыстыру оңай соқпаған секілді. Загребтегі кешегі жарыста өз салма­ғында жетінші орынға тұрақтады. Жан­күйерлер арасында «Елдос әділетсіздіктің құрбаны болды» деген де әңгімелер айтылып жүр. Қалай ойлайсыз, Хорватияда Елдосқа не жетіспеді? – Елдостың мықтылығына, кәсіби­лігіне еш күмән келтіре алмаймын. Бірақ бір салмақтан екіншісіне ауысу Елдосқа қиын соқты. Үлкен спорттан хабары барлар біледі, спортта әр салмақтың өз мықтылары болады. Сол секілді дзюдо­дағы 66 келі салмақта әлдеқашан танылып қалған «мықтылар» бар. Оларға лайықты қарсылық көрсету үшін көп уақыт қажет. Осы сайыстардағы Елдосқа шапшандық, физика­лық, функционалдық күш жетіс­педі. Меніңше, уақыт өте келе бәрі рет­теледі. Елдостың жанкүйерлері тарапы­нан төрешілердің шешімі әділетсіз болды деген пікірмен келіспеймін. Олардың уәжі бойын­ша, Елдос үшінші шидосын алған сәтте белдесуді экраннан тамаша­лағандарға «бұрма­лаушылық» бол­ғандай көрін­ген. Бірақ өз басым нақты бұр­ма­лау­­­­шылық бол­ды деп айта ал­май­мын. – Ауыр сал­мақ­тағы спорт­шылар оң нәти­же көр­сете ал­май келеді. Сіз­дің­ше бұл ол­қы­лықтың орнын қалай тол­тыруға бо­ла­ды? – Сауалыңыз орынды-ақ. Ауыр салмақтан алдағы уақытта ел намысын Әділ Оразбаев пен Ерасыл Қажыбаев қорғайды деп сеніп отырмыз. Әділдің Ұлан-Батырдағы жарыста жүлделі орын алғанын ескерсек, аяқ алысы жаман емес. Сол себепті екі палуанға да зор сенім артамын. – Швейцариядағы Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар қалай өнер көрсетті? – Швейцариядағы Еуропа кубогында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншіледік. Алтын медальды Шерзод Давлатов пен Есет Қуанов, күміс жүлдені Серікболсын Шынтас, қола жүлдені Сұңғат Жұбатқан жеңіп алды. Бұл жарыстың деңгейі Grand Pri, Grand Slam-ға қарағанда төмендеу. Сондықтан Еуропа біріншілігіне енді-енді формасына келіп жатқан жас дзюдо­шыларымызды жібердік. Көріп отыр­ғанымыздай, нәтиже жап-жақсы. – Алдағы уақытта елімізде дзюдоның дамуы үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Ұлттық құраманың сапында өзгеріс­тер болуы мүмкін бе? – Қазір біздің құрамамызға Франция­дан Стефан Трено мен Хавьер Монден есімді арнаулы мамандар келді. Енді олардың бірі кеңесші болып, екіншісі спортшыларымызды физикалық тұрғыдан дайындайтын маман болып жұмыс істейді. Мұның жақсы нәтижеге ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта жас спорт­шыларға көп көңіл бөлеміз. Себебі спортқа әрдайым жаңару, жасару тән. Жуырда елордада дзюдодан Азия чемпионаты, кейін Өзбекстандағы Ташкентте әлем чем­пионаты өтпек. Дүбірлі додаға қызу дайын­ дықты бастап та кеттік. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Алтынбек МЕРСАДЫҚ