Депутаттар сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
©Радмир Фахрутдинов
Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.
«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:
1. «AMANAT» – 53,46 %,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52 %,
3. Respublica партиясы – 8,9 %,
4. Қазақстан халық партиясы – 6,25 %,
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22 %,
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87 %
7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31 %.
Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.
Қалған 4,47 пайыз респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.