Су арнасы арқылы судың еркін өтуін қамтамасыз ету және кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін мамандар 10 мыңға жуық шаршы метр аумақта мұзды ұсақтады.
Бұқтырма өзенінде жарылыс жұмысы жүргізілді
Фото: ТЖМ
351
оқылды

" alt="" />ШҚО-да Бұқтырма өзенінде қар көшкінін түсіру мен жарылыс жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Катон - Қарағай ауданында қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу үшін беткейлердегі қарды тазартып, Бұқтырма өзенінде, кептеліс туғызатын жерлерде мұзды ұсақтады. 

"Согорное-Барлық" автожолының бойында 2 қар көшкіні жиналу шоғыры бар. Профилактикалық жарылыстар жүргізу арқылы, қар көшкіні жиналу шоғырларын жиналған қардан босатты. Жұмыс барысында 4770 текше метр қар массасы түсті. Көпжылдық бақылаулар бойынша Бұқтырма өзенінде, Сенное ауылының маңындағы жағалау аймағын су басып, мұз кептелісі болатын», - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Су арнасы арқылы судың еркін өтуін қамтамасыз ету және кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін мамандар 10 мыңға жуық шаршы метр аумақта мұзды ұсақтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.