«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, Ақтөбе облысында жол қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 18 наурыз сағат 07:00-де тасқын салдарынан судың жол бойынан асып кетуіне байланысты (ұзындығы 100 м, биіктігі 50 см) «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.