Журналист Гүлмира Әбіқай Шымкентте анасынан айырылған жеті баланың баспаналы болғанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Журналист баспаналы болғаннан кейін жан-жаққа шашыраған балалардың басы қосылғанын қуана хабарлады.
«Айлардың сұлтаны оразада тағы бір қайырымды іс жасадық. Екі апта бұрын кенеттен панасыз қалған 7 бала көмек сұраған еді. Анасы белгісіз жағдайда 3-ші қабаттан секіріп қайтыс болды. Әкесі бұл өлімге күдікті деп қамалды. Баланың үлкені 20-да, кішісі 2-де. Төбесінен жай түскендей сәтте кәмелетке толмаған 5 бауыр мемлекет қарауына өтті. Тарыдай шашыраған 7 баланың басы қосылуы үшін үй қажет. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте үйге жетерлік қаражат жиылды. Шымкент қаласының ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік. 5 бауырдың басын қосып, бәрі әпкесінің қамқорлығына өтті. Қала орталығы, жайлы аудан, жаңа үй. Аулада 6 мектеп, 4 бақша бар. Балалар еш кедергісіз мектеп пен балабақшаға орналасатын болды. Тегін ұсынылған 40-тан аса үйірмеден қалағанын таңдайды», – деп жазды журналист.
Ол қиын сәтте қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты.
«Екі әпкесі де 6 жастан жұмыс істеп үйренген, шаруа таңдамайды. Бірі даяшы, бірі тігінші. Жанашыр оқырманым балалардың бәрін үйге қажетті киімдерімен қамтыды. Жандос есімді оқырманым отбасын көшіруге, заттарын тасуға көмектесіп, 1 жылға электрлік, сантехникалық тегін қызмет ұсынды. Бүгінгі жаңалық осы, өзімнің арқамнан жүк түсіп, жеңілдедім. Жетім көріп жебеген баршаңызға мың алғыс. Ана баладан, бала анадан ажырамасын! 7 баланы анасының әруағы желеп-жебеп жүрсін деп тілейік», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.