Осы күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай Navruz Youth World Festival бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараға 26 елдің делегаттары, соның ішінде Қазақстанның белсенді жастары мен волонтерлері қатысуда.
Navruz Youth World фестиваліне қатысты
268
оқылды

Халықаралық фестиваль – мәдениеттер тоғысқан, достық пен жаңарудың жарқын символына айналған ерекше мереке. Бұл шара тек Наурыз мейрамының рухын дәріптеп қана қоймай, сонымен қатар мәдени алмасуды нығайтуға және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Фестиваль аясында білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология сынды өзекті мәселелерге назар аударылып, жастар саясатының негізгі бағыттары талқыланды. Әрбір күн – жаңа қала, жаңа идеялар мен тың бастамалардың алаңы. Душанбеден бастау алған мерекелік керуен Айни, Пенжакент, Истаравшан және Худжанд қалаларына жол тартып, әр өңірдің өзіндік ерекшеліктерін паш етеді.

Бағдарлама аясында білім беру және пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, жас кәсіпкерлерге арналған стартап зертханалары, спорттық сайыстар мен мәдени ойын-сауық шаралары өткізілуде. Бұл фестиваль жаңа мүмкіндіктер, шабыт пен достық көпірін орнататын бірегей алаңға айналды.