Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтөбе облысында жолаушылар вагоны өртенді
Видеодан скриншот
2,026
оқылды

21 наурыз күні 112 пультіне Шалқар қаласындағы теміржол стансасының 4-стансалық жолында жеке тұрған вагонда 12 шаршы метр алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы мен ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жіберілді.

– Құтқарушылардың кәсіби және үйлестірілген әрекеттерінің арқасында өрт тез арада оқшауланып және оның вагон ішінде одан әрі таралуына жол берілмеді, – делінген ақпаратта. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.