Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистикалық мәліметтерді көпшілікке ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие.
Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар.
Адамның аты тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін.
Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар.
Наурызбай — 55
Наурызбек — 41
Наурыз — 12
Наурызгүл — 4
Наурызхан — 3
Наурызғали — 2
Наурызжан — 1
Бекнаурыз — 1
Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.