Ресей Федерациясының Омбы, Новосібір облыстарымен және Алтай өлкесімен шекаралас жатқан Павлодар облысындағы ауылдарда халық саны аз, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz арнасының мәліметінше, жергілікті билік бұл мәселені көші-қон бағдарламасы арқылы шешуге мүдделі. Биыл облысқа 4 мыңнан аса квота бөлінді. Соның ішінде тарихи Отанына оралған қандастарға мыңға жуық квота қарастырылған.
- Біріншіден, жұмыспен қамтамасыз ету керек. Өйткені жайдан-жай ешкім бара бермейді алыс ауылдарға. Екіншіден, мен ойлаймын, интернет жағынан кішкене дұрыс болса, инфраструктура бойынша. Жастарға баратын жер жоқ, ойын-сауық деген сияқты.
- Оңтүстіктен отбасыларды көшіріп әкелу керек ең алдымен деп ойлаймын. Екіншіден, жағдай жасау керек. Үйлер салу керек, мектептерді жаңарту керек. Ондай шалғай жатқан ауылдардың шағын жинақталған мектептерде екі сынып қоса оқытылатынын да ескерген жөн. Сондай жағдайда білікті мамандарды әкелу керек, - деп жауап берді сауалнамаға қатысқандар.