Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.