Бұл лауазымға иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала тағайындалды.
Дәулет Тұрлыханов UWW Asia президенті лауазымынан кетті
784
оқылды

Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Asia) президенті қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы спорт журналисі Назерке Сұлтанбек өзінің Telegram-арнасында жазды.

«2017 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында Дәулет аға президент болып сайланғанда өзім сол жерде болып, барлық қазақ қуанып, құттықтағанымыз есімде. Тіпті аз уақыт Азия күрес федерациясында жұмыс істегенім де бар. Осы жеңіс біз үшін отандық күрестегі бір өзгеріске, серпіліске үміт сыйлағандай болған еді. Одан бері Дәулет Тұрлыханов екі мерзім (8 жыл) осы қызметті атқарды. Бүгін Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты басталарда Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды» – деді Назерке Сұлтанбек.

Бас ассамблея нәтижесінде жаңа басшы сайланып, бұл лауазымға иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала тағайындалды.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов – белгілі қазақстандық спортшы, Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті және Мәжіліс депутаты.