Ресейлік бизнесмен, саясаткер өзінің бұрынғы командасын яғни Англиялық "Челсиді" қайта сатып алады деген көпшіліктің жорамалдарына жауап берді.
Ол өз сөзінде кәсіби деңгейде ешқандай рөл атқарғысы келмейтінін нақты айтты. Бұл футболдан мүлдем қол үзбек дегенді білдірмесе де, енді бұрынғыдай иелік ету, басқару сияқты салаларда болмайтынын көрсетеді. Оның қазіргі көзқарасы тек қайырымдылық пен жас ойыншыларды қолдау.
“Мүмкін, бір күні мен өз командамның стадионына барып, салтанатты түрде қоштасу мүмкіндігі туар. Бұдан басқа арманым жоқ. Мен футбол клубында қандай да бір рөл атқаруға қызықпаймын, әсіресе кәсіби деңгейде мүлде қызығушылығым жоқ.
Егер мүмкіндік болып жатса, мен футбол академиясы мен жас ойыншыларға көбірек көмектескім келеді, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көбірек мүмкіндік беру бағытында жұмыс істей аламын. Бірақ мен не істесем де, адамдар мені бір мақсатпен әрекет етіп жатыр деп күмәнданатын шығар. Ақыр соңында, мен мұның бәрін жай ғана өзгелерге көмектесу үшін істеймін.”