Григорий Бабаян: үйде ұпай жоғалтуға болмайды

30.06.2025, 13:54

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян кеше «Қызыл-Жарға» қарсы болған ойын туралы пікірін айтып, нәтижеге көңілі толмайтынын жасырмады (3:3).

Григорий Бабаян: үйде ұпай жоғалтуға болмайды
Григорий Бабаян

«Әрине, бірінші голды ерте соққандығымыз бізді сәл босаңсытып жіберді. Ары қарай бәрі оңай болады деп ойлап қалған сияқты. Бірақ, 25-минуттан өте баяу ойнай бастадық, бұл маған ұнамады, 3-4 футболшы ойыннан мүлдем шығып қалды. Үзілісте осы туралы, не істеу керектігін айттық. Бұлай болмайды, осында келген әрбір команда «Астанаға» қарсы ойнауға 100 пайыз дайын болады: стадион да жақсы, ойнауға жайлы. Оларға мотивация қажет емес, біз олардың басты мотивацияшыларымыз. 

Екінші таймда 20 минуттай жақсы футбол көрсеттік, екі гол соқтық, бірақ кейін бір құпайарсы шабуыл, бір бұрыштама - есеп 3:2 болып кетті. Содан кейінгі минуттарда біздің ойынымыз ұнамады, әсіресе алаңға алмасып шыққан ойыншылар көңілден шықпады. 5-6 минуттың ішінде екі сәтсіз, күлкілі гол жіберіп алдық. Соңында бірдеңе өзгерткіміз келді, қысым жасадық, белгілі бір мүмкіндік те тудырдық, бірақ нәтиже болмады. Үйде ұпай жоғалтуға болмайды, «Қызыл-Жарға» құрметпен қараймыз, олар да жан аямай күресті, бірақ осындай матчтарды міндетті түрде ұтуымыз керек», - деді Г. Бабаян клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында. 

«Астана» ҚПЛ-дің 14 турынан кейін 34 ұпаймен көш бастауда. Келесі турда елордалық команда Талдықорғанда «Жетісуға» қарсы тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×