Қазақстандық бапкер: Лихтенштейнді ұтпағанда кімді ұтамыз?

25.03.2025, 22:30

Танымал сарапшы Алмас Құлшынбаев Sports.kz -ке Қазақстан құрамасының Лихтенштейнмен болатын бәсекесінен не күтетінін айтты.

Қазақстандық бапкер: Лихтенштейнді ұтпағанда кімді ұтамыз?
Уэльс - Қазақстан кездесуі

«Кез-келген қарсыласты құрметтеу керек, алайда, Лихтенштейнді ұтпағанда кімді ұтамыз? Қазақстанның деңгейі жоғары, Уэльспен болған ойында шабуылдағы әлеуетіміз байқалған. Тек батыл, агрессивті ойнап, қарсыласты қыспаққа алу қажет. Бүгін Лихтенштейнді ұтсақ, команда бір серпіліп қалар еді. Сөйтіп өз алаңымызда сол Уэльсті де ұтып, ұпай еншілеп кетуге болады», - деді А. Құлшынбаев. 

Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында бүгін түн ауғанда өзінің екінші кездесуін өткізеді. Ұлттық команда Лихтенштейнге қарсы кездесу өткізбек. Бұл матч біздің уақытпен 00:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×