
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы және Данияның «Силькеборг» клубының ойыншысы Рамазан Оразовтың жұбайы Расима Еуропа мен Қазақстандағы жалақы айырмашылығына қатысты өз ойын айтты.
— Әрине, жалақы Қазақстандағы ұсыныстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бірақ бұл Еуропа. Мұнда орташа жалақы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сол себепті өзімізді қандай да бір жағынан шектеп жатырмыз деп айта алмаймын, — деді футболшының жұбайы.
Айта кетейік, Рамазан Оразов 2024 жылдың жазында «Ақтөбеден» даниялық «Силькеборг» клубына ауысқан болатын. Қазіргі маусымда ол жаңа команда сапында 24 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET