
«Тараз» футбол клубының тәрбиеленушілері Мақсат Әмірханов, Азамат Еркінбек және Еркебұлан Тойбеков кәсіби мансаптарын қайта туған командаларында жалғастырады.
Еркебұлан Тойбеков бұған дейін Премьер-лигадағы “Тұранның” намысын қорғап, 5 рет ойнаған. Тіпті соңғы “Елімайға” қарсы матчта 1 нәтижелі пас беріп, көзге түскен.
Азамат Еркінбек қарағандылық “Шахтер” сапында болғанымен, биылғы маусымда бірде-бір мәрте алаңға шықпаған.
Мақсат Әмірханов бұған дейін алматылық “AKAS” клубында өнер көрсетіп, тек Қазақстан кубогының алдын ала кезеңінде ғана алаңға шыққан.
Айта кетейік, қазіргі сәтте “Тараз” ұжымы Бірінші лигада 7 ойын бойы жеңістің дәмін тата алмай, ұшу аймағына жақын тұр.