«Тұран» клубы беймәлім ойыншыларды алуды жалғастырып жатыр

26.06.2025, 17:59

Қазақстан Премьер-лигасында қиындыққа тап болған «Тұран» клубы трансферлік кезеңде қазақстандық ойыншыларды алып жатыр.

«Тұран» клубы беймәлім ойыншыларды алуды жалғастырып жатыр

Бүгін клуб Қазақстан Екінші лигасында өнер көрсететін «Арыстан» командасының Асылжан Аббас және Ерболат Құралбаев атты жас ойыншыларымен келісімге келді. 

Айта кетейік, «Тұран» клубы бірінші айналымнан кейін бас бапкер Виталий Жуковский және бірқатар шетелдік легионерлермен келісімді үзіп, отандық футболшылармен чемпионатты жалғастыруға шешім қабылдады. Сондай-ақ, клубтан Қазақстан құрамасында доп тепкен Абылайхан Жұмабек, Әбинұр Нұрымбет, Еркебұлан Тойбеков те кетті.

Қазіргі уақытта түркістандықтар 13 турдан соң, 11 ұпаймен 12-орында тұр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×