«Тұран» клубы жаңа бас бапкерін ресми таныстырды

27.06.2025, 19:19

Түркістандық ұжым Instagram әлеуметтік желісінде бас бапкердің тағайындалғаны жайлы жазба жариялады.

«Тұран» клубы жаңа бас бапкерін ресми таныстырды

“«Тұран» футбол клубының бас бапкері болып Әбдіхалық Бөрібев тағайындалды!

Тәжірибелі маман футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Бұған дейін де клубымызда сәтті жұмыс атқарып, команданы Бірінші лигада жеңіске жетелеп, Премьер-лигаға шығарған. Біршама үзілістен кейін Әбдіхалық Құрбанбайұлы өз ісіне қайта оралып отыр.

Сондай-ақ бас бапкердің көмекші болып Артур Авакянц бекітілсе, дене даярлығы бойынша Қолдас Ешджанов жауапты. Қақпашылар бапкері қызметін Ламаев Мейрали атқаратын болады.

Біз жаңа бапкерлерімізге зор сенім артамыз және алдағы маусымда командаға тың серпін береді деп үміттенеміз.”, – деген жазбада.

Айта кетейік, «Тұран» клубы қазіргі сәтте 11 ұпаймен ұшу аймағында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×