
Премьер-лиганың кезекті турында «Атырау» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдады.
Алаң иелері фаворит саналғанымен, есепті қонақтар ашты. 21-минутта Жасұлан Молдақараев мергендігімен танылды. Ал 43-минутта «Ұлытау» сапынан Бекжан Рзатаев қызыл қағаз алып, команда алаңда он ойыншымен қалды.
Әйтсе де, жезқазғандықтар екінші таймда шабуылға төтеп беріп, өз қақпаларын аман сақтап қалды. Қорытынды есеп: 0:1.
Осы жеңістен кейін «Ұлытаудың» ұпай саны 11-ге жетіп, олар турнир кестесінде қауіпті аймақтан алыстай түсті. Ал «Атырау» бар болғаны 4 ұпаймен соңғы орында қалды.
«Атырау» — «Ұлытау» 0:1 (0:1)
Гол: Молдақараев, 21 (0:1)
Қызыл қағаз: Рзатаев, 43
Біздің серіктес: FONBET