Желіде жарылыс болған жерден видео тарады. Кадрлардан адамдардың оқиға орнына жүгіріп бара жатқанын көруге болады, деп жазады Alash.KZ.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт мешітті емес, оның аумағын шарпыған. Салынып жатқан ғимараттың дәлізінде 40 шаршы метр аумақта кілем өртенген.
Өрт кезінде 12 жасар бала зардап шеккен. Құлағын, бетін, мойнын, аяқ-қолын, бел аймағын және жоғарғы тыныс жолдарын термиялық күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр.