Баламды орыс мектебіне бердім. Неге?

  • 36

 Себебі көп. Кейбіреуімен келіспеуіңіз мүмкін, енді бірімен келісесіз.

Біріншіден, орысша оқымаса балам адам болмай қалады. «Сәбет» үкіметі кезінде солай болған, қазір де солай. Бұрынғыдай бодан емеспіз, біраз бұдан орыс тілінің беделі төмендеген жоқ. Орыс тілі – ұлы тіл. Қазақ тілі де ұлы. Бірақ орыс тілі одан да ұлы.

Білесіз бе? Орысша оқыған бала қазақша оқыған балаға қарағанда әлдеқайда алғыр, әлдеқайда зерек, әлдеқайда өжет болады. Айта берсем, асып түсетін тұстары көп…

Орысша білім алған бала далада қалмайды. Жанып тұрады. Тақылдап тұрады. Мұрнының астынан міңгірлеп тұрмайды дегенім ғой.

Ал қазақша оқитын бала қандай? Жасықтау, жасқаншақтау, именшектеу. Ұялшақ. Жанып тұрған жоқ.

Алғырлығы да аз. Айтайын дегенін аузынан әрең деп суырып аласың. Белсенділігі төмен. Ешкімнің көңіліне келмесін,

Баламды орыс мектебіне бердім. Неге? Өйткені өзімнің орысшам мүлдем нашар болатын. Осы уақытқа дейін қалай қиналғанымды көрсеңіз. Тіпті, нан сатып алудың өзі қиын-тұғын. Қазір де қиналамын. Қатты қиналамын. Енді кеп қызымның қиналғанын қалағам жоқ. Мен көрген «қиындықты» көрмесінші дедім. Мен сияқты орысшадан мақұрым болса, өмір сүре алмайды қазір. Нан тауып жей алмайды.

Мен орысшадан мақұрым болдым, балам орысшадан мақұрым болса ендеше немерем де орысша білмей өседі. Қорқынышты ғой…

Орыс тілі – ұлы тіл, не десеңіз де. Ұлы ұлттың тілі. Осы орыс тілінің арқасында көзіміз ашылды. Қазір ұмытып қалдық, әйтпесе қазақты адам қылған осы орыс еді ғой.

Орыс тілі бізден қашпаса біз орыс тілінен қашпауымыз керек, негізі.

Өз басым Қазақстанның… кешіріңіздер, қазақ тілінің болашағына сенбеймін. Сенбегендік. Осы себеп болды. Осы себепті баланы орыс мектебіне бердік.

Себеп көп. Тағы бірі қазақ мектебінде білім жоқ. Шынымды айтайын, оқулықтағы кейбір тапсырмаларды бала тұрмақ менің өзім түсіне бермеймін. Ұқпаймын. Сұрағы біртүрлі. Күнделігі толған бес. Бес алуы оңай. Терлеп-тепшімейтін сияқты.

Орыс мектебінде олай емес. Оларда арнайы бағдарламалар арқылы оқытады. Қысқасы, қазақ мектептерінен қай жағынан болса да артық, озық.

Баласын бастапқыда қазақ мектебіне беріп, артынан орыс мектебіне ауыстырып алған талай ата-анамен сөйлестім. Барлығы да соны айтады. Білім жоқ. Бұл бір жағынан қазақ мектептері мен қазақ мұғалімдеріне сын. Солай.

Балам орысшаға барғалы көзіміз ашылды. Әйеліміз екеуіміз аз-мұз орысша үйреніп қалдық. Шәй үстінде орысша сөйлесуге тырысамыз. Әдемі көрінеді. Өзімізге ұнайды. Менікі «падай», «дай», «хлеб», «масло» дегеннен әрі аспайды. Есесіне, қызым судай орысшаға. Қарап отырып, қуанып қаламын. Бұрында ауладағы қазақ балалармен бөлек ойнаушы еді. Қазір орыстілді, орыс достары пайда болды. Ал әлгі қазақша сөйлейтін балаларға қосылмайды. Неге екен?..

Менің балам орысша сөйлейді. Демек, болашағы бар. Кез-келген жерде жарып шығады. Орысша білмегендіктен мен сияқты міңгірлеп тұрмайды. Өз құқығын өзі қорғай алады. Ендігі жерде мен баламның болашағына алаңдамаймын.

Баласын орыс мектебіне берген ата-ананың хаты

dalanews.kz
Автор
Последние статьи автора
  • 375
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 556
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста