Каршеринг: елімізде көлік жалдау құны қандай

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда автокөлік жалдау нарығы құбылып тұр. Өткен жылы бұл секторда жалпы табыс көлемі 8,2 пайызға төмендеген. Ал каршеринг қызметтері керісінше 25 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жылдан жылға бұл нарық үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Былтыр жалға беру, лизинг саласы бойынша қызмет көрсетудегі қаржы көлемі 701,5 млрд теңге болған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2023 жылы 764,4 млрд теңгеге жеткен екен. Бұл салада айтарлықтай пайдаға кенелгендер – каршеринг компаниялар мен жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлер. Олардың былтыр қаңтар-желтоқсан айларындағы табысы 121 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға жоғары. Жалпы каршеринг нарығы Қазақстанның әр аймағында әркелкі дамыған және қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттары жоқ. Мегаполистер мен ірі өнеркәсіптік орталықтарда автопаркі үлкен және әртүрлі қызмет түрлері бар бірнеше каршеринг компаниясы жұмыс істейді. Ал экономикасы төмендеу немесе туристік әлеуеті дамымаған өңірлерде мұндай компаниялар өте аз не жоқтың қасы. Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы қымбатшылыққа шетелден келген көліктерге салынатын салық пен арнайы алымдар, сондай-ақ бәсекелестіктің төмендігі әсер етіп отыр.

 «44,8 пайыз отындық автопарктің жартысынан жуығы көнеріп кеткен. Нарықта бәсекелестік көліктерді жалдау жағынан өте төмен болып тұр. Маңғыстау облысында жұмбағы шешілмеген табиғи әдемі жерлер бар. Соның бәріне туристерді тарту үшін жалданып шығатын көліктердің дені аз. Оған кондицонері бар, төртке төрт бүкіл дөңгелектері істейтін автокөлік керек. Ондай автокөліктердің бәсекелестігі аз болған соң, олардың бағасы шарықтап тұр», – деді автокөлік сарапшысы Еркебұлан Құлбасов.

Автокөлік жалдау көрсеткіші аймаққа қарай әртүрлі келеді. Finprom.kz талдау порталының жүргізген зерттеуіне сәйкес, мегополистерде жалға беру қызметі қарқынды дамыған. Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 10-ға жуық каршеринг компаниясы белсенді жұмыс істейді. Олардан таңдауыңызға қарай «стандарт», «комфорт» және «бизнес» санатындағы көлік алуыңызға болады. Сәйкесінше, жайлылығына қарай бағалары да әртүрлі. Мысалыең арзан хэтчбек шанақты темір тұлпарды бір тәулікке жалға алу құны 15 мың теңгеден басталса, люкс санатындағы кроссоверді жалдау 250 мың теңгеге дейін жетеді. Ал кейбір компаниялар мен қызметтер минуттық төлем жүйесін ұсынады. Сонымен қатар автокөлікке зақым келтіріп немесе салонды ластасаңыз, айыппұл арқалауға дайын болыңыз. Қарағанды, Өскемен, Түркістан, Павлодар облыстары орташа деңгейдегі каршеринг желісі бар өңірлер қатарында. Мұндағы автопарктің басым бөлігі қала ішінде жүруге арналған эконом-класстағы көліктерден тұрады.

Баға бағамдары мынадай:

  • эконом-класс көлік 16 мен 25 мың аралығында;
  • премиум көлік алғыңыз келсе, 30-40 мың теңге төлейсіз.
  • люкс автокөліктер 100 мың теңгеден жоғары.

Ал жеңіл көліктерді жалға беру қызметі ең нашар дамыған өңірлерге Семей мен Қызылорда облыстары кіреді. Бұл аймақтарда 20 жылдан аса пайдаланылған көліктерді де жалға алуға болады.

Нарықтағы тағы бір сұранысқа ие қызмет түрі – жүргізушімен бірге жалға берілетін көліктер. Бұл бағытта қызмет ететін компаниялардың былтырғы табысы 184 млрд теңгеге жетіпті. Осылайша, жылдық өсім 11,7 пайыз болған. Түскен пайданың жартысынан көбі елдің батыс өңірлеріне, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Оқи отырыңыз: Мәжілісмен жеңілдетілген салық режимін сақтап қалуды ұсынды

Новости партнеров