Елімізде қай өңірде баспана бағасы өсті

Almaty.tv
Almaty.tv

Пәтердің 1 шаршы метрі 391 424 теңге

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан бойынша жылжымайтын мүліктің орташа құны үш айда 3 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пәтердің 1 шаршы метрі 391 424 теңге.

Бұл ретте бағаның өсуі барлық қалада байқалады, бірақ оның қарқыны әр түрлі. Krisha.kz 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағалары қалай өзгергенін есептеді.

Тұрғын үй қай жерде қымбаттады:

Қостанай: +8.5%.

Ақтау: +6.6%.

Ақтөбе: +4.8%.

Орал, Өскемен, Шымкент: +3.4%.

Қай қалаларда бағаның өсуі қалыпты деңгейде:

Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Атырау — 3,1% шамасында.

Семей, Көкшетау, Қызылорда — 2%-дан төмен.

Қай жерде баға аса өзгермеген:

 Түркістан мен Талдықорған — тек + 0,9%, бұл нарықтың тұрақтандырылғанын немесе сұраныс төмендігін білдіруі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Елімізде жылына қанша тонна ет тұтынады

 

 

 

 

Новости партнеров