Адамнан мүлде сескенбейді: егеуқұйрықтар пәтерге кіріп кеткен

Жауаптылар жақын арада ғана егеуқұйрықтарға қарсы улау жұмыстарын жүргіздік деп ақталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында егеуқұйрықтар кәріз құбыры арқылы пәтерлерге кіріп жатыр. Тұтас бір тұрғын үй кешенінің жұрты зиянкестердің аулада да өріп жүргенін айтады. Анықталғандай, жертөле мен қоқыс төгетін орындарда кеміргіштерге қарсы жұмыстар жүргізілмеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кеміргіштердің күрт көбеюіне баспаның іргесіндегі сауда орталығынан азық –түлік пен жеміс –жидек қалдықтарының шығарылуы себеп. Мұндағы үйлерге дератизация дер кезінде жүргізілмегендіктен егеуқұйрықтар баспанаға кіріп кеткен.

«Ас үйден қашып шыққан егеуқұйрық дәретханаға тығылып жүр. Біздегі кәріз құбырларында кеміргіштердың құжынап жүргені анық. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына айттық, олар «біздің құзыретімізге жатпайды» деп билікке сілтеп отыр. Ауру тарамайынша ешкім әрекет етпей ме сонда?» – деді қала тұрғыны Сәуле Дүйсембаева.

Ағайын үй ішін былай қойғанда, кешендегі көпқабатты пәтерлердің аумағында да егеуқұйрық қаптап жүргенін айтты. Кеміргіштер адамдардан мүлде сескенбейтін болған. Ал ата-аналар «балаларымызды аулада алаңсыз ойнатудан қалдық» деп қынжылады.

«Он күн аялдамаға баратын жолдан өтіп бара жатып, бес бірдей егеуқұйрық көрдім. Көре салысымен адамдарға хабарладым. Мен – мал дәрігерімін. Мұның өте зиян екенін білемін. Егеуқұйрықты дератизация жасап, тез арада құртуды сұраймын», – деді зейнеткер Әділ Бәкіров. 

Ал жауаптылар жақын арада ғана егеуқұйрықтарға қарсы улау жұмыстарын жүргіздік деп ақталды. Жергілікті жұрт «зиянкестердің сейілгені некен саяқ» дейді. Кеміргіштерге кіжінген халық тағы да әкімдіктің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

 «Дератизация шаралары көктем кезінде тағы да қолданылған. Жылына екі рет жасалады. Маусымда көбейеді, табиғат заңы», – деді Қазыбек би аудандық ТҮКШ және тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  Ерік Ахметов

Жауаптылар  егеуқұйрықтарды тағы да улаймыз сендірді. Ал жұртшылық  жекеменшік компанияға ақша төлеп, үйлерін де зарарсыздандырмақ.

Жанбота Бейсембайұлы. Айнұр Бексұлтанқызы, Қарағанды облысынан

Оқи отырыңыз: Жезқазғанда қатыгездікпен жасалған кісі өліміне қатысты іс қайта қаралады

Новости партнеров