Ақтауда жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Lider.kz еріктілер қозғалысы
Lider.kz еріктілер қозғалысы

17 жастағы Анара Гулуева 9 маусымда жоғалып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Еріктілер қала тұрғындарынан барынша қыз баланы табуға барынша көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lider.kz еріктілер қозғалысының мәліметінше, 17 жастағы Анара Гулуева 9 маусымда жоғалып кеткен. Ол кешкі сағат 20:00 шамасында Ақтаудағы 3-шағынауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Сол уақыттан бері онымен байланыс үзілген.

Ерекше белгілері: бойы – 165-170 см, дене бітімі – орташа, шашы – ұзын, қою түсті, көзі – қоңыр.

Киімі: қара түсті майка, көк түсті жыртығы бар джинсы шалбар, қара кроссовка.

Полиция өкілдері Анара Гулуева туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында бір күнде екі бала суға батып кетті

Новости партнеров