Тексеру барысында оның күртесінің қалтасынан қойма кілттері табылды
Ақтауда "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 наурызда Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 52 жастағы ер адам ұсталды. Тексеру барысында оның күртесінің қалтасынан қойма кілттері табылды. Анықталғандай, күдікті сол қоймада есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсірген.
Жиһаз цехының қойма ғимаратын тексеру кезінде мына заттар тәркіленді:
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің құрамында есірткі заттары бар. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында тұрғыннан ақша бопсалаған қыздар тобы ұсталды