Алматыда алғашқы хакатон жұмысын бастады

Іс-шараның негізгі мақсаты – саладағы жас мамандарды қолдау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда электр энергетикасын автоматтандыру бойынша алғашқы хакатон жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның негізгі мақсаты – саладағы жас мамандарды қолдау. Жарысқа еліміздің үздік техникалық университеттерінен төрт команда қатысып жатыр. Жүзден жүйрік шыққандар жұмысқа орналасып, жетекші компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

 «Қазақстанда электр энергетика саласының дамығанын қалаймыз. Студенттер заманға сай жүйелерді енгізуді үйренеді. Оларды жобалау, құрастыру, орнату және іске қосуға дағдыланады», – деді бас сарапшы Аян Кәрім.

Іс-шара Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 50 жылдығына орай ұйымдастырылған. Байқауға қатысушыларға арнайы жабдықтар ұсынылып, тапсырмаларды орындау үшін шамамен 6 сағат беріледі. Хакатон соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 «Мұндай іс-шараның жұмысшы мамандығы жылында өтіп жатқанына қуаныштымыз. Бізге мамандар аса қажет. Ал электр энергетикасы – автоматтандыруды қажет ететін сала. Менің ойымша, бұл – тамаша тәжірибе», – деді  Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ командасының жетекшісі Жанар Өмірбекова.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Атырау облысын су басуы мүмкін

 

Новости партнеров