Қызметкерлер қасқырдың күшігін мемлекеттік мекемеге тапсырған
Астана қаласының полициясы Ақмола облысындағы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі қызметінің инспекторымен бірге қасқырдың бөлтірігін сатпақ болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіге жарнама берген ер адам қасқырдың бөлтірігі барын айтып, оны 400 мың теңгеге бағалаған. Полиция дереккөздің қайдан тарағанын іздеп, жарнама берген адамға сатып алатын кейіпте хат жазған екен.
Жарнама авторы бөлтірікті сатуға келгенде полиция оны ұстап, қолға түсірген. Қызметкерлер қасқырдың күшігін мемлекеттік мекемеге тапсырған.
Оқи отырыңыз: Алматыда Дулати көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады