Атырауда мұнай-газ өндіруші компанияларға айыппұл салынды

Олар заңға қайшы 38 әрекет жасаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда экологияны ластаған мұнай-газ өндіруші компаниялар айыппұл арқалады. Берешек құны бір миллиард теңгеге жуықтайды. Ал заңды белшеден басқандарды экологтар тексеріс кезінде анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нақтырақ айтсақ, өңірдегі мұндай кәсіпорындар заңға қайшы 38 әрекет жасаған. Олар мұнай қалдықтарын рұқсатсыз жерге төгу, ұңғымадағы апатты дер кезінде жоймау сынды әрекеттерге барған. Ал былтыр табиғатты ластағандарға залалды өтеу үшін мемлекетке 42 миллиард теңге төлеу міндеттелген. Қазір оның 26 миллиарды өндірілді.

 «Жүргізілген тексерістің нәтижелерімен 2 шаруашылық жүргізуші субъектісіне қатысты қызметін тоқтата тұру туралы 2 іс талап-арыз сотқа жолданып, қазіргі таңда соттың шешімімен толық көлемде қанағаттандырылып отыр. Қазіргі таңда Karabatan Utility Solutions және оның мердігер компаниясы IDOS service деген жеке кәсіпкерге қатысты жерді бүлдіру фактісі бойынша қылмыс құрамының бар немесе жоғын анықтау үшін тиісті құжаттар ішкі істер органдарына жолданды», – деді Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

Оқи отырыңыз: Күрделі жөндеуден кейін Үлкен Алматы арнасына қайта су жіберіледі

Новости партнеров