Журналист Д Ахметшәріп дәрігерлердің бақылауында
Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір журналист ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
«Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Басқа ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайды», – делінген хабарламада.
Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен.
Оқи отырыңыз: Баянаул ауылының тұрғынын дәрігерлер ми тамырының жарылуынан сақтап қалды