Елімізде 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің ел азаматтарын ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында елімізде 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр. Жауапты министрліктің мәліметіне сүйенсек, бұл 1 млн-нан аса адамды тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ еліміздің 9 облысында су желілерін салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жөнінде толығырақ «Алматы» телеарнасының студия қонағы Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Су шаруашылығы комитеті Топтық су құбырларын дамыту басқармасының сарапшысы Әлия Алтынбекова айтады.

– Әлия Ілиясқызы, былтыр бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылды?

«Су ресурстары және ирригация министрлігімен 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде сумен жабдықтау нысандарын қайта құру және салу бойынша 8 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Яғни, оларды атап айтатын болсақ  Ақмола облысында Егіндікөл, Степняк, Нұра топтық су құбырын қайта салу және Алматы облысындағы Қаскелең топтық су құбыры іске асырылды. Ал Қызылорда облысында  Шиелі және Жаңақорған аудандарында екі жоба аяқталған.  Солтүстік Қазақстан облысында Преснов және Булаев топтық су құбырларында жұмыстар атқарылды және Маңғыстау облысында  «Қазба–Ақшымырау–Қызан» топтық су құбыры қолданысқа берілді. Ұлытау облысында бір жоба аяқталды. Биыл министрлікте еліміздің 9 облысында сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта жаңғырту бойынша Ақмола облысы, Қызылорда, СҚО, Түркістан облысы, Маңғыстау; БҚО және Ұлытау облыстарында 30 жоба іске асырылуда».

– Әлия Ілиясқызы, ал келесі жылы тағы қанша өңірге су жеткізу жоспарланып отыр?

«2025 жылы аталған жобаларға 41.6 млрд теңге қаражат қарастырылған. Биыл 9 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 489 мың адам тұрғыны бар 147 елдімекенде су тартылып, сумен жабдықтау жүйесі жақсаратын болады. Сонымен қатар еліміз бойынша сумен қамту деңгейі – 98,6% құрайды. Олардың ішінде ауылдық елдімекендерде – 97,8% және қалалық тұрғындар арасында – 99,4% құрайды».

Оқи отырыңыз: Ақмоладағы спорт мектебінде 18 балада ішек инфекциясы тіркелді

Новости партнеров